
Павлодар қаласының Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде көктемгі әскерге шақырту мәселесі бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Руслан Жетпісбекұлы Абиханов, жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Қанат Сәрсенұлы Каримов, білім беру басқармасы басшысының орынбасары Алма Ермекқызы Айтуарова, сондай-ақ колледждер мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы әскерге шақыруға жататын колледж түлектерін қолдау, яғни әскери қызметке дейін дипломдарын алу үшін мемлекеттік емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыру мүмкіндіктері болды.
Мұндай тәсіл жастарға кәсіптік білім туралы құжаттарын қолына алып, әскери қызметке аттануға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында тараптар болашақ әскерге шақырылушылардың мүдделерін қорғау мақсатында білім беру жүйесі мен қорғаныс ведомствосы арасында тұрақты өзара іс-әрекетті жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.