99225 ә/б аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамымен Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің кездесуі

99225 ә/б аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамымен Жалпыұлттық  коалиция өкілдерінің кездесуі

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында 99225 ә/б аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамымен Жалпыұлттық  коалиция өкілдерінің кездесуі өтті. Павлодар облыстық жалпыұлттық коалиция штабының төрағасы Илья Сергеевич Теренченко мен Торайғыров университетінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гульнара Тургановна Шамшудинова еліміздің негізгі заңына енгізілуі мүмкін өзгерістер мен алдағы референдум туралы түсіндірді.