Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында ZOOM режимінде ҚР Ұлттық Ұланының нарядын орындау және әскерге шақыру медициналық комиссияларының жұмысы мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында ZOOM режимінде ҚР Ұлттық Ұланының нарядын орындау және әскерге шақыру медициналық комиссияларының жұмысы мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында ZOOM режимінде Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қ.С. Кәрімовтың төрағалығымен кезекті кеңес өткізілді. Кеңеске қалалар мен аудандардың әскерге шақыру және медициналық комиссияларының төрағалары, облыстың денсаулық сақтау басқармасының, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Полиция департаментінің және ҚР Ұлттық Ұланының 5522 әскери бөлімінің басшылығы қатысты.

                Кеңесте 2 мәселе қаралды:

  1. ҚР Ұлттық Ұланының нарядын орындау.
  2. Әскерге шақырту медициналық комиссиясының жұмысы

                Қорғаныс істері департаменті, облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығының және ҚР Ұлттық Ұланының 5522 әскери бөлімінің басшылығының баяндамалары тыңдалды.

                Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Ұланына нарядты орындау және медициналық комиссиялардың сапалы жұмысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.