
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында ZOOM режимінде Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы К.С. Кәрімовтың төрағалығымен әскерге шақыру және медициналық комиссия төрағаларымен, облыстың қалалары мен аудандарының Қорғаныс істері және полиция департаментінің өкілдерімен күзгі шақыру науқаны мәселелері бойынша кеңес өткізілді, онда 2 мәселе қаралды: 1. Күзгі шақыру науқанының қазіргі жағдайы. 2. Әскерге шақыру медициналық комиссияларының жұмысы (облыс, қалалар, аудандар).
Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник К. Т. Жақанов және облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. М. Мұқышева баяндама жасады.