
Атаулы күн — Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті, оның барысында 99225 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыс етілді.
Бұл марапаттар жоғары тәртіпті, жанқиярлық қызметті және бөлімнің жеке құрамының елдегі ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін мойындау болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекетіміздің берік іргетасы, бірліктің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің символы. Осы тарихи құжатқа құрмет көрсете отырып, біз күн сайын бейбітшілік пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерді құрметтейміз.
Әскери қызметшілерге борышына адалдығы, патриотизмі мен кәсібилігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Отанға деген батылдық, табандылық пен адалдық болашақ ұрпақ үшін әрқашан үлгі болсын!