2025 жылғы 23 шілдеде "ЖЕР-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

2025 жылғы 23 шілдеде "ЖЕР-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Бүгін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Қаленұлы Жамбайбектің төрағалығымен "ЖЕР-2025"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының табиғи сипаттағы ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығының жай-күйіне қатысты мәселелер тыңдалып, талқыланды. Азаматтық қорғау қызметтері мен жедел құралымдардың басшыларына өзара іс-қимылды күшейту, әрекет ету жоспарларын нақтылау, техниканың, байланыс құралдары мен материалдық резервтердің дайындығын қамтамасыз ету жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Сондай-ақ жедел ақпарат алмасу, штабтық жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ топтарды шартты ТЖ аймағына жіберу кезінде логистикалық және медициналық қамтамасыз етудің тұрақты эшелондарын қалыптастыру қажеттілігіне назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша күштер мен құралдарды толықтыру, жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыру және оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне толық дайындықты қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.