2025 жылғы 22 сәуірде облыс әкімі аппараттық кеңес өткізіп, 2025 жылғы 1 тоқсандағы облыс бюджетінің атқарылуы қарастырылды.
Аталған мәселе бойынша облыс қаржы басқармасының басшысы Ж.Қ. Шақатов баяндады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бюджетінің кірістері 97,6 млрд. теңге жоспарланып, 102,2 млрд. теңге көлемінде түсті немесе 104,7% атқарылды. Кірістер жоспары 4,6 млрд. теңгеге асыра атқарылды.
Аумақтар бөлінісіндегі меншікті кірістер жоспарын барлық өңірлер орындады.
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда түсімдер өсімі 11 млрд. тенге құрады немесе 112%.
Облыс бюджетінің шығыстары 129,2 млрд. теңге жоспарланып, 128,9 млрд. теңге сомасына игерілді және 99,8% құрады.