Жалпы облыстық сенбілік

Жалпы облыстық сенбілік

Ағымдағы жылғы 12 сәуірде Павлодар облысы қаржы басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акция шеңберінде қаланы санитарлық тазалау бойынша жалпыоблыстық сенбілікке белсенді қатысты.
Павлодар қаласының ТҮКШ бөліміне ұсынылған шаруашылық инвентарь, сондай-ақ арнайы техника үшін алғыс білдіреміз.
Барлық меншік түріндегі ұйымдар мен қала тұрғындарын экологиялық марафонға ат салысуға шақырамыз.
Тазалық өз қолымызда, ортақ үйімізді әдемі және таза етейік!