Мемлекеттік мүлік тізілімінде даму жоспарларын ұсыну туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың (АҚ, ЖШС, ШЖҚ КМК, КМҚК) орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 14 бұйрығына сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімінде (www.gosreestr.kz) даму жоспарларын орналастырады (бес жылдық кезеңге арналған даму жоспары, жыл сайынғы нақтылау және орындау бойынша есеп).
2022-2026 жылдары бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын мемлекеттік мүлік тізілімінде 325 ведомстволық бағынысты ұйым, 2022 жылға арналған жыл сайынғы нақтылауды 6 ведомстволық бағынысты ұйым ұсынды.
2021 жылға арналған даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын ұйымдар мемлекеттік мүлік тізіліміне келесі мерзімдерде:
- қаржылық есептіліктің міндетті немесе бастамашылық аудитін жүргізбейтін ұйымдар – есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей,
- қаржылық есептіліктің міндетті немесе бастамашылық аудитін жүргізетін ұйымдар – оны ұйымның атқарушы органының қарауына енгізген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынады