Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір деңгейінен екіншісіне беру туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлік болып бөлінеді (коммуналдық мүлікке облыстық, қалалық және аудандық мүлік жатады). Мүлікті меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүлікті коммуналдық меншіктің бір деңгейінен екіншісіне беру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүлікті баланстан облыстық мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру «Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы «Коммуналдық меншікті басқарудың кейбір мәселелері туралы» № 250/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 164/3 қаулысына сәйкес «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, берілетін мүліктің жалпы бастапқы құны 30 000 АЕК-тен аспауы тиіс. Берілетін мүліктің құны 30 000 АЕК-тен асқан жағдайда беру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.