Таза табыстың бөлігін аудару туралы ақпарат

Таза табыстың бөлігін аудару туралы ақпарат

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына сәйкес Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігі белгіленген нормативтер бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей тиісті бюджетке есептелуге жатады.

Осыған байланысты ведомстволық бағынысты ұйымдар (коммуналдық кәсіпорындар) жыл қорытындысы бойынша таза табыстың бөлігін заңнамамен белгіленген мерзімде тиісті бюджетке (облыстық, қалалар/аудандар бюджеттеріне) аударады.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.

Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке таза кірістің бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына мерзімі өткен әрбір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін немесе ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар АҚ, ЖШС таза табысының бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар таза табыстың бөлігін тиісті бюджеттерге уақтылы аудару қажеттілігі туралы хабардар етеміз.