Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының
қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
Ережені бекіту туралы» қаулы жобасына
пресс-релиз
Павлодар облысының қаржы басқармасы Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары жоқ.
Жоба 2021 жылғы 9 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13741954).