Кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлікті дамыту

Дұрыс идеяны таңдау, бизнес-жоспар құру, салықтарды түсіну және сатуды көбейту – мұның бәрі бастаушы кәсіпкер үшін оңай емес.

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін ағымдағы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ПФ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ПФ операторларына бюджеттік кредиттер бөлінді, олар 514 шағын несие беруге, олардың бір бөлігі «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын шағын несиелендіруге бағытталды.

Кәсіпкерлікке оқыту бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бизнесті бастауға көмектеседі. Жоба кәсіпкерлік бойынша базалық білім алуды көздейді. Бизнес-жоспарды қорғағаннан кейін қатысушылар бизнес-идеяны іске асыру үшін қолжетімді шарттармен қажетті қаржы қаражатын алу мүмкіндігіне ие болады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тестілеу;

2) бизнес-менторлық қағидат бойынша топтарда практикалық оқыту және дербес консультация беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту;

3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

4) сату «тізбесін» жасауға жәрдемдесу (алдын ала шарттар жасасу);

5) бизнес-жобаны іске асыруды он екі айға дейін, ал табысы аз және/немесе көпбалалы отбасы мүшелерін он сегіз ай ішінде сүйемелдеу.

Оқу процесінің жалпы ұзақтығы онлайн режимде оқытуды қоспағанда, күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімді құрайды.

Оқу қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.