2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау туралы ақпарат

2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау туралы  ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды іске асыру шеңберінде «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ-де (бұдан әрі – Басқарма) құқықтық мәдениет, қызметкерлерді құқықтық оқыту деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс, сондай-ақ құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

Басқармада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын қарау бойынша аппараттық оқу жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде азаматтар лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдайды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 13, 15, 16, 17-баптарында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13, 14-баптарында және «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген осы шектеулерді персоналды басқару жөніндегі бас маман мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, сондай-ақ Әдеп кодексінің мәтінімен үш күндік мерзімде жазбаша нысанда тіркейді.

Басқарма мамандарына «Әділет» НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесіне тұрақты негізде қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Басқармада басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін «32-58-26 сенім телефоны» жұмыс істейді, ол ресми сайтта (бұдан әрі – сайт) орналастырылған, бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Сондай-ақ, сайтта Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі орналастырылған. Басшының блогы жұмыс істейді, сондай-ақ облыс әкімдігі мен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары, «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды» іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары орналастырылған.

«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ-де азаматтарды қабылдау, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін/шағымдарын қарау және тіркеу мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару

органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 70 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны бекіту туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 44 бұйрық қабылданды, оған сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыруға жауапты тұлға болып мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы белгіленді.

Кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды апта сайын сәрсенбі күні сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін басқарма басшысы, жұма күні сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін басқарма басшысының орынбасарлары жүргізеді.

«Antikor.live» бағдарламасын облыс қаржы басқармасымен 2021 жылғы 8 сәуірде сағат 15.00-де «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде «Облыс қаржы басқармасында жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау» тақырыбы бойынша баяндама өткізілді.

2021 жылғы 25 мамырда жекешелендіру және мүліктік жалдау бөлімінің басшысымен «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру» тақырыбы бойынша тікелей эфирде баяндама өткізілді.

Семинарлар өткізу заңнаманы бұзу санын қысқартуға және мемлекеттік сатып алумен айналысатын мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыста бюджеттің транспаренттілігі және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсетуге және бақылауға, шағымдар, пікірлер жинауға және ақпаратты талдауға арналған Ашық бюджеттердің интерактивті картасын, жалпыға қолжетімді сервисті іске қосты.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ресми сайттарында бюджетті жоспарлау және атқару сатысында «Азаматтық бюджет» орналастырылады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттердің атқарылу сатыларында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 15 бұйрығы).

Басқарманың сайтында ай сайынғы негізде облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы ретінде «Облыс бюджетінің атқарылуы туралы» есепті жариялау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Облыстың әрбір мемлекеттік органынан және ведомстволық бағынысты мекемелерінен жауапты тұлғалардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді, бүгінгі күні интерактивті картада бюджеттерді жариялау аяқталды.

Басқарма мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы және сапалы орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке түскен, сыйға тарту шарты бойынша өткен, республикалық меншіктен берілген мүлікті басқару тәртібі нақты белгіленген.

Іс-әрекеттердің белгілі бір кезеңділігі және дәйекті қызметі, орындау мерзімдері және өткізу әдістері басқарма қызметкерлеріне қандай да бір шешімдерді өз бетінше қабылдауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелін болдырмайтын актілерде жазылғаннан басқа мәселелерді шешудің өзге тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бермейді.

Басқарманың фойесінде жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшік, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтіні бар стенд орналастырылған.

Тұрақты негізде Басқарма қызметкерлері үшін қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары және қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары жеткізіледі, қызметтік автокөлікті жеке мақсатта және жұмыс уақытынан тыс мақсаттарда мақсатсыз пайдаланғаны үшін тәртіптік жауапкершілік тартылады, сондай-ақ басқарма қызметкерлері әкімшілік ғимаратқа сыйлықтар, кәдесыйлар әкелуге жол бермеу, сондай-ақ қандай да бір іс-шаралар үшін ақша қаражатын заңсыз жинауға жол бермеу туралы ескертілді.

Басқармада ақпараттық стенд орналастырылған, ол «Пара алсаң, мерзім аласың», «Сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарама, бірден жаз», «Азаматтарға арналған жадынама, егер Сізден пара сұрап бопласа, не істеу керек!?» сондай-ақ, аталған тақырып бойынша басқарманың ресми сайтында «Пара беру бас бостандығынан және болашақтан айырады» және т. б. ақпараттар бар.