Мемлекет қатысатын Павлодар облысының заңды тұлғалары туралы ақпарат

Мемлекет қатысатын Павлодар облысының  заңды тұлғалары туралы ақпарат

Павлодар облысының коммуналдық меншігінде 1143 заңды тұлғалар есепте тұр.

Оның ішінде мемлекеттік органдар – 314 бірлік (жалпы санынан 27,5%);

мемлекеттік мекемелер – 479 бірлік (41,9%);

қазыналық кәсіпорындар – 251 бірлік (21,9%);

шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар – 74 бірлік (6,4%);

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – 22 бірлік (1,9%);

акционерлік қоғамдар – 3 бірлік (0,3%);

Білім беру саласында коммерциялық ұйымдардың 56,9%-ы (мектепке дейінгі білім беру – 145 бірлік, ТжКБ – 23 бірлік, қосымша білім беру – 31 бірлік), өнер, мәдениет және спорт саласында – 16,9% (59 бірлік), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында – 10,6% (37 бірлік), ветеринариялық қызмет саласында – 3,7% (13 бірлік) жұмыс істейді.

Ұйымдардың қалған 12,0%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (20 бірлік), бұқаралық ақпарат құралдары (12 бірлік), көлік (5 бірлік) және өзге де қызмет түрлері (5 бірлік) салаларында жұмыс істейді.

Заңды тұлғалардың ең көп үлесі облыстық коммуналдық меншікке тиесілі (746 бірлік немесе 65,3%).

Сонымен қатар, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жеке секторды дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 және 2020 жылғы  26 желтоқсандағы № 478 Жарлығымен квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізілді (әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, оларды қайта ұйымдастыру арқылы жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғаларды, жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан аз пайызы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдарды/ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, сондай-ақ Президенттің тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғаларды қоспағанда).