Жекешелендіруге арналған кейбір мәселелері туралы

Жекешелендіруге арналған кейбір мәселелері туралы

Құрметті Павлодар өңірінің тұрғындары мен қонақтары!

«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ  Қазақстан Республикасы Президенті  жанындағы  Жоғары кеңестің  мәжіліс қорытындысы бойынша  берілген Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған  кешенді жоспарына енгізілген  объектілерді іске асырудың  қоғамдық мониторингісі тетігін іске қосу» 2021 жылғы 29 қаңтардағы тапсырмасын  орындау шеңберінде төмендегіні хабарлайды.

Жақын уақытта келесі сауда-саттықтар жоспарланып отыр:

Баянауыл ауданының «Баянтау» газетінің редакциясы» ЖШС - бірінші сауда-саттық 15.10.2021 ж. жарияланды, бастапқы бағасы 1 619 200 теңге;

«Май ауданының

ақпараттық орталығы» ЖШС - екінші сауда-саттық 21.10.2021 ж. жарияланды, бастапқы бағасы 755 500 теңге;

Павлодар қаласының «№ 1 автобус паркі» ЖШС - үшінші сауда-саттық  21.10.2021ж.жарияланды, бастапқы бағасы 168 234 000 теңге.

Толығырақ ақпаратпен Мемлекеттік мүлік тізілімінде (gosreestr.kz), «электрондық сауда алаңы» функционалында таныса аласыз.