Mемлекеттік органдар жол берген қаржы, рәсімдік және бюджет заңнамасының өзге де бұзушылықтары туралы семинар-кеңес өтті

Mемлекеттік органдар жол берген қаржы, рәсімдік және бюджет заңнамасының өзге де бұзушылықтары туралы семинар-кеңес өтті

Ағымдағы жылғы 23 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Д.Шаймұратованың төрағалығымен тексеру комиссиясы, қазынашылық департаменті, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит, экономика және қаржы басқармалары басшыларының қатысуымен мемлекеттік органдар жол берген қаржы, рәсімдік және бюджет заңнамасының өзге де бұзушылықтары туралы семинар-кеңес өтті.

Кеңеске экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, қаржы және экономика бөлімдерінің басшылары қатысты, оның барысында бюджет заңнамасының жүйелі бұзушылықтары талқыланды және нақты ұсыныстар енгізілді. БКБ режиміндегі кеңеске барлығы 68 адам қатысты.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Д.Ш. Шаймұратоваға бюджеттің сапалы жоспарлануы мен орындалуын бақылауды күшейту, қаржылық тәртіпті арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді.