САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Павлодар облысының қаржы басқармасы 2026 жылғы 09 шілде күні сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) мемлекеттік мүлік тізілімінінің www.e-qazyna.kz веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерінің сауда саттығы өтетінін хабарлайды.

Электрондық аукционға бағаны көтеру әдісімен саны 25 (жиырма бес) бірлік көлік құралдары шығарылады. Бастапқы бағасы –  192 249,00 теңгеден бастап – 4 410 757,00 теңгеге дейін. Сатушының БСН: 991140001901.

Сілтеме https://sauda.e-qazyna.kz

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес іске асырылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.