САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Павлодар облысының қаржы басқармасы 2026 жылғы 18 ақпан күні сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) мемлекеттік мүлік тізілімінінің www.e-qazyna.kz веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерінің сауда саттығы өтетінін хабарлайды.

  • Электрондық аукционға бағаны төмендету әдiсiмен алғашқы бағаның 30% мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп әдісімен сауда-саттыққа 2010 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі 292 АD14, ВАЗ 21154-120-20 маркалы көлік құралы шығарылады. Бастапқы бағасы – 1 942 398,00  теңге. Сілтеме: https://jekege-seller.e-qazyna.kz/ru/registers/trade/list/318171524375000000/view
  • Электрондық аукционға бағаны төмендету әдiсiмен кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төменгі баға белгіленіп сауда-саттыққа 6 дана санымен көлік құралдары шығарылады. Бастапқы баға –  608 574,00 теңгеден 2 228 931,00 теңгеге дейін.

Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес іске асырылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.