САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Павлодар облысының қаржы басқармасы 2025 жылғы 21 қараша күні сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) мемлекеттік мүлік тізілімінінің www.e-qazyna.kz веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерінің сауда саттығы өтетінін хабарлайды.

Электрондық аукционға бағаны көтеру әдiсiмен сауда-саттыққа 13 дана санымен көлік құралдары шығарылады. Бастапқы баға –  202 858,00 теңгеден 3 461 340,00 теңгеге дейін. Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес іске асырылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.