Павлодар облысының қаржы басқармасы 2025 жылғы 14 қазан күні сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) мемлекеттік мүлік тізілімінінің www.e-qazyna.kz веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерінің сауда саттығы өтетінін хабарлайды.
- Электрондық аукционға бағаны көтеру әдісімен сауда-саттыққа 2007 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі 079 KH14, ПАЗ 32054 маркалы көлік құралы шығарылады. Бастапқы бағасы – 826 419,00 теңге. Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list
- Электрондық аукционға бағаны төмендету әдiсiмен алғашқы бағаның 70% мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп сауда-саттыққа 12 дана санымен көлік құралдары шығарылады. Бастапқы баға – 90 795,00 теңгеден 2 921 469,00 теңгеге дейін.
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list
https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auction-guest-list
- Электрондық аукционға бағаны төмендету әдiсiмен алғашқы бағаның 50% мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп сауда-саттыққа 2011 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі 135014, УАЗ 315195-051 маркалы көлік құралы шығарылады. Бастапқы бағасы – 1 408 212,00 теңге. Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес іске асырылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.