
Павлодар облысының қаржы басқармасы 2025 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) мемлекеттік мүлік тізілімінінің www.e-qazyna.kz веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерінің сауда саттығы өтетінін хабарлайды.
Электрондық аукционға бағаны көтеру әдісімен саны 23 бірлік көлік құралдары шығарылады. Бастапқы бағасы – 30 265,00 теңгеден бастап - 2 873 327,00 теңгеге дейін.
Сілтеме https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.