Павлодар облысының қаржы басқармасы 2025 жылғы 22 шілдеде сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) мемлекеттік мүлік тізілімінінің веб-порталында https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auction-guest-list облыстық коммуналдық меншік объектілерінің электрондық сауда-саттығы өтетінін хабарлайды.
1) Электрондық аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50% мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп, 2013 жылы шыққан, м/н 167614, LADA 21214 көлік құралы шығарылады. Бастапқы бағасы – 2 326 635,00 теңге;
2) Электрондық аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей саны 19 бірлік көлік құралдары шығарылады. Бастапқы бағасы – 1 023 267,00 теңгеден бастап 3 660 891,00 теңгеге дейін.
Балансұстаушы - «ҚР ІІМ Павлодар облысының полиция департаменті» ММ.
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.