Павлодар облысының қаржы басқармасы www.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінінің веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектілерінің электрондық сауда-саттығы өтетінін хабарлайды.
2025 жылғы 08 шілдеде сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты):
- электрондық аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 103А мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 369,9 ш.м. тир ғимараты шығарылады. Баланс ұстаушы – Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ. Бастапқы бағасы – 31 809 000,00 теңге.
Сілтемесі https://jekege-seller.e-qazyna.kz/ru/search/trade/list
- электрондық аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50% мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп, 2011 жылы шыққан, м/н 135014, УАЗ 315195-051 көлік құралы шығарылады. Баланс ұстаушы – «ҚР ІІМ Павлодар облысының полиция департаменті» ММ. Бастапқы бағасы – 1 408 212,00 теңге.
Сілтемесі https://jekege-seller.e-qazyna.kz/ru/search/trade/list
- электрондық аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50% мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп, 2007 жылы шыққан, м/н 119714, УАЗ-31519017 көлік құралы шығарылады. Баланс ұстаушы – «ҚР ІІМ Павлодар облысының полиция департаменті» ММ. Бастапқы бағасы – 31 200,00 теңге. Сілтемесі https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auction-guest-list
- электрондық аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып, саны 2 бірлік «ҚР ІІМ Павлодар облысының полиция департаменті» ММ көлік құралдары шығарылады. Бастапқы бағасы – 31517,00 теңгеден бастап 834150,00 теңгеге дейін. Сілтемесі https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auction-guest-list
2025 жылғы 11 шілде сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты) электрондық аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей саны 26 бірлік «ҚР ІІМ Павлодар облысының полиция департаменті» ММ көлік құралдары шығарылады. Бастапқы бағасы – 1 042 287,00 теңгеден бастап 5 824 593,00 теңгеге дейін.
Сілтемесі https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auction-guest-list
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.e-qazyna.kz сайтынан немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, каб. № 309 мекенжайы бойынша танысуға болады, 8 (7182) 32-52-98, 32-22-98.