
28 ақпанда «BatyrMall» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Халықаралық волонтерлік жылы шеңберінде «ВОЛОНТЕР. ЗАҢ. ТӘРТІП. БОЛАШАҚ» атты жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты – жастар арасында Заң мен Тәртіп қағидаттарының маңыздылығын түсіндіру, қоғамдық пайдалы қызметке және волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуға ынталандыру.
Іс-шара Жасанды интеллектпен әзірленген тақырыптық бейнероликтер көрсетілімін, облыстың белсенді жастарының қатысуын, сондай-ақ шығармашылық нөмірлерді қамтыды.
Форум барысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениет мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға елдің қоғамдық-саяси өміріне саналы түрде қатысудың маңыздылығы, референдумның мәні және мемлекеттің болашағын қалыптастырудағы жастардың рөлі туралы түсіндірілді.
Кештің хедлайнері Kalifarniya, сондай-ақ форум бағдарламасында облыстың шығармашыл жастар жұлдыздары өнер көрсетіп, Форум жастарға арналған би кешімен қорытындыланды.