КСРО спорт шебері Серік Серғазиннің құрметіне ұлдар арасында еркін күрестен VIII ашық облыстық турнир! 15-16 наурыз аралығында Ертіс ауылында ардагерлер арасындағы чемпион, КСРО спорт шебері Серік Серғазинге арналған еркін күрестен ауқымды турнир өтті. Қатысушылар алдында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов құттықтау сөз сөйледі. Спортшылар жеңіл салмақтан ауыр салмаққа дейін 17 салмақ дәрежесінде бақ сынады, олар күш, техника және жеңіске деген ерік – жігерін көрсетті. Турнир спортқа құмар жас балуандарды біріктіріп, еркін күрестің нағыз мерекесіне айналды!