"Баршаға қолжетімді білім" тақырыбындағы облыстық семинар

"Баршаға қолжетімді білім" тақырыбындағы облыстық семинар

Ертіс ауданында №4 Ертіс орта мектебінің базасында «Жол картасы жобасы» аясында «Барлығына қолжетімді білім» тақырыбында білім сапасын арттыру мақсатында құзреттілік орталықта облыстық қорытынды семинар өтті. Семинарға осы орталыққа қатысты 12 мектептен директорлар, оқу ісінің меңгерушілері және педагогтер қатысты. Семинарда ашық сабақтар. және "Оқытудағы аралас аймақ моделі", "Сандық платформалар арқылы білім беру процесіне геймификацияны енгізу", "Мектепке дейінгі және бастауыш буын арасындағы сабақтастық", "Lesson Study: мұғалімдердің бірлескен жұмысы арқылы оқыту сапасын арттыру" тақырыптарында шебер сыныптар өткізілді.
Сонымен қатар, тәрбиесіз алған білім ол адамзаттың қас жауы демекші, білім мен тәрбие қатар жүруі керек. Сол себептен семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша Не? Қайда? Қашан? ойыны, «Құлагер» клубының жүмысы «Қамшы өру өнерді сезіну», «Мектеп телестудиясы – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыратын құрал және оның тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыру жолы» мектеп телестудиясында оқушылардың шығармашылығын дамытатын түрлі материалдардан қуыршақтарды жасап, ойын әрекетінде қолдану әдістерін және «Мультфильмдердегі декорация» балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін мультфильмдегі декорация жасау әдіс тәсілдері көрсетіп, іс шара өз мәресіне жетті. Сонында әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Т.Садыкова семинардың өзектілігіне тоқтала отырып, әріптестерден өздеріне алған әсерлерін, пікірлерін ортада талдап, кері байланыс жасады. Семинарға қатысқан әріптестер ризашылықтарын білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.