Шекарадағы жалған құжат

Шекарадағы жалған құжат

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаменті «Үрлітөбе» автомобильдік өткізу бекетінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны жалған құжатпен кесіп өту әрекетінің алдын алды.

          Шекаралық бақылауды өту кезінде өзіне тиесілі емес құжатты ұсынған Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.

          Қазіргі уақытта әкімшілік шаралар жүргізілуде.

          Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».

ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті