Үйлерді су басуға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар

Үйлерді су басуға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар

Аудан тұрғындарының өтініштеріне жедел ден қою және үйлердің су басуын болдырмау мақсатында Павлодар облысы ТЖД Ертіс ауданының ТЖ бөлімі күштерімен және құралдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе еріген қар суын сору және суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
➢ ТЖБ бастығы Ертіс ауданының әкімімен бірлесіп, Ертіс ауылындағы су тасқыны жағдайына бағалау жүргізді. Көшелерден еріген суды бұру және жеке тұрғын үй аулаларынан суды сору бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 3 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды, 300 тонна инертті материал төселді.
➢ Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
➢ Барлығы 7 мотопомпа, 6 бірлік ассенизатор машинасы, 2 тиегіш, 3 Камаз, ТЖБ, 9-ӨСБ жеке құрамынан 6 адам, ЖАО-дан 40 адам жұмылдырылды.
Жағдай ерекше бақылауда.
➢ Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты аудандық әкімдікте Жедел Штаб жұмыс істеуде.