Ауданның су айдындарындағы профилактикалық рейдтік іс-шаралар

Ауданның су айдындарындағы профилактикалық рейдтік іс-шаралар

Ертіс ауданы ТЖБ және 9 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен мұздың еру кезеңінде су айдындарында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Мұздың еруі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске саламыз:  
📌Қараңғыда және қолайсыз ауа райында мұзға шықпаңыз;
📌Мұз үстіне шығып секірмеңіз немесе мұздың беріктігін соққылармен тексермеңіз;
📌Мұз үстінде ашық от жағуға болмайды;
📌Мұзда балық аулау кезінде бір учаскеде 2 тесіктен артық бұрғылауға болмайды. 
Есіңізде болсын, бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек.