Жас мамандармен кездесу

Жас мамандармен кездесу

Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріпов "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша келген жас мамандармен кездесті.

Осы бағдарлама аясында аудан жыл сайын жас мамандармен толықтырылып отырады, биылғы жылы ғана 21 жас маман келді. Олардың көпшілігі бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алып, көтерме жәрдемақы алды.

Қазіргі уақытта жас мамандар өз саласында жақсы нәтиже көрсетіп, аудан өміріне белсенді қатыса отырып, жұмысын жалғастыруда.
​Кездесу барысында жастардың мәселелері мен ұсыныстары талқыланып, ауданның инфрақұрылымын жақсарту және келесі жылға арналған даму жоспарларымен таныстырдым.
Кәсіби жетістікке жеткен мамандар марапатталды.