2023 жылдың 21 маусым күні «Алтын белгі» төсбелгісі және «Үздік аттестат» иегерлерін марапаттауға арналған салтанатты іс шара өткізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Ныгман Муталапұлы үздік түлектерді лайықты жетістіктерімен құттықтады. Білімге құштар жалынды жастар үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ. Алда жаңа, ересек өмір жолы күтіп тұр. Әрбір жаңа жол түлектер үшін табысты болып, ата – ана мен ұстаздардың үмітін ақтауларына тілектестігін білдірді. Биылғы жылы 95 түлек мектеп қабырғасынан ұшқалы тұр. Оның ішінде алты түлек - «Алтын белгі» иегерлері: №2 Ертіс орта мектебінің түлегі Амина Кенжетаева; Қызылқақ мектебінің түлектері Дильназ Шингисова, Бөгенбай Усина, Сабира Серикбай; Қызылжар мектебінің түлегі Ақбота Салауатқызы; Қарақұдық мектебінің түлегі Фариза Жұматай. Үздік аттестат иегері Андрей Фукс №3 Ертіс орта мектебінің түлегі.
Барлық түлектер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түлектерге ақ жол тілейміз!