Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау

Ауданның барлық мектептерінде соңғы қоңырау соқты. Оқу жылын екі жарым мыңнан астам бала аяқтап, 94 бала түлек атанды. Биылғы жылы 6 түлек ерекше үлгідегі "Алтын белгі" аттестатының үміткері болып табылады. Аудан әкімі Шәріпов Болатбекұлы Кәрімұлы оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, үлкен өмірге аяқ басып жатқан түлектерге жылы сөздерін арнады. Өз сөзінің соңында аудан әкімі оқу үздіктеріне мақтау қағаздары мен шәкіртақы тапсырды. 2022-2023 оқу жылында ауданның 378 оқушысы мектепті үздік аяқтады.