Мектепті күрделі жөндеу

Мектепті күрделі жөндеу

2023  ж. 22 мамыр  аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов   Аманкелді ауылына барып,  «Ауыл – ел бесігі» бағдарлама бойынша  мектепке күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.  Мердігерлік ұйым- «Градстройсервис» ЖШС. Жобаның құны – 430 млн. теңге.  Қазіргі таңда бірінші және үшінші  қабаттарда  пластик терезелер орнатылды. Екінші және үшінші қабаттарда  қабырғаларды  түзету жұмыстары жүргізілуде.  Электржүйелер орнатылды.  Күрделі жөндеу үшін 100 пайыз  құрылыс материалмен қамтылды.  Жұмыстар  жалғасып жатыр.  Тапсыру мерзімі – 2023 ж. тамыз айы.