Жас педагогтер балы!

Жас педагогтер балы!

Ертіс ауданында алғаш рет аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жанындағы жастар кеңесінің бастамасымен, сондай-ақ ауылда жас мамандарды тарту және бекіту, жас педагогикалық отбасылық жұптар арасында корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша жұмыс жүйесін қалыптастыру мақсатында "Жас педагогтер балы!» өтті.
"Полонез" әуенімен жас жұптар байқау бағдарламасын ашты. Залда толқу, жастық, жігер, батылдық сонымен бірге жеңіл қуат үйлесті. "Вальс", "Стиляги" және әрине "Қара жорға" дыбыстарымен әдемі хореографиялық қойылымдар залды және қонақтарымызды ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Тілеуованы, Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының маманы Ф. Еңсебаевты, облыстық жастар кеңесінің төрағасы А. Әбілдинованы таң қалдырды.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Сохаревтар отбасына, 2 орын - Әбдіхалық отбасы, 3 орын - Рысбек және Сағын отбасыларына берілді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.