«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Ертіс ауданының жер қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  Ережесін бекіту туралы

                                                                                                                 Жоба

«Ертіс ауданының жер қатынастары

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

 

            Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

          «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          осы қаулыны Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;

          осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру;

          осы қаулыны аудандық «Ертіс нұры» - «Иртыш» газеттерінде жариялау;

          осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                  Ертіс ауданының әкімі                                  Б. Шәріпов