Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барды

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барды

Асайын Байханов аудан тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік және білім беру мекемелеріне барды.
 
Өңір басшысы жұмыс сапарын Северное ауылында тұратын ауданда қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының қатысушысына барды. Алексей Сергеевич Печелатов қазір 95 жаста, ол 17 жасында майданға шақырылған. Ұрыс қимылдарына қатысқаны үшін "Отан соғысы" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Асайын Байханов Алексей Сергеевичтің  өсиетін тыңдап болған соң, ауылдағы сапарын жалғастырып, мұндағы мектептің жұмысымен танысты. Білім ошағында 109 бала оқиды. 2018 жылы мұнда қазандық жабдықтары күрделі жөндеуден өткенімен, қазір ғимараттың өзі де жаңартуды қажет етеді. Мектепті жөндеуге құны 182 млн теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама бар. Ол бюджеттік комиссияның отырысында мақұлдануы тиіс.
 
Өңір басшысы аудан орталығындағы  нысандармен де кеңінен танысты. Асайын Байханов Ертіс ауылының мәдениет үйінің жай-күйімен танысты. Мәдениет үйі ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орны. Ғимаратты жөндеу жұмыстары  соңғы рет 2017 жылы жүргізілді. Жергілікті басшылық 52,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Әкім мәдениет басқармасына осы мәселені зерттеп, нақты шешім қабылдауды тапсырды.
 
Аудандық аурухана да материалдық-техникалық жетілдіруді қажет етеді. 2022 жылы медициналық мекемеде кәріз-сорғы станциясына күрделі жөндеу жүргізіліп, жабдық сатып алынды. Қазір дайын тұрған 82,4 млн теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес, 2023 жылы "Салауатты ұлт" ұлттық жобасы шеңберінде медициналық жабдықтар сатып алу жоспарланған.
 
Жалпы, 2023 жылы Ертіс ауданында 26 түрлі жобаны іске асыру көзделген. Ағымдағы жылы кентішілік жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау жұмыстары жалғасады, ал, аудан ауылдарында балалар ойын алаңдары жабдықталады.
 
Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов аудан әкімі мен жауапты лауазымды тұлғаларға осы жұмыстардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырып, ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша барлық жұмыстар сапалы және мерзімінде орындалуы тиіс екенін атап өтті.