Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы «Ертіс ауданының аумағында стационарлық емессауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 53/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы «Ертіс ауданының аумағында стационарлық емессауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 53/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Ертіс ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

    Ертіс ауылы                                     №               2022 жылғы «__»_________

 

Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы «Ертіс ауданының аумағында стационарлық емессауда объектілерінорналастыру орындарын бекіту туралы» № 53/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Ертісауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы «Ертіс ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 53/1 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7227 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

         «Ертіс ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;

         көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «Ертіс ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін»;

         көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертісауданы әкімінің жетекшілікететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ауданәкімі

 

Б. Шәріпов