Автожолды орташа жөндеу

Автожолды орташа жөндеу

Аудандық маңызы бар Байзақов - Майқоңыр 0-42 км (ішінара 16,68 км) автожолын орташа жөндеу жалғасуда.

Жұмыстарды "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында "Ай-Су Мелиорация"фирмасы ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде.

Жұмыс кестесінен артта қалушылық жоқ; жөндеуге 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

0-3,070 (3,070 км); 24,4-30,050 (5,610 км) км автожол учаскелерінде қиыршық тастан жасалған жол жабынының негізін орнату аяқталды, жол белгілері орнатылды.

Жөндеу сапасы мәселесі жергілікті атқарушы органдар мен депутаттардың тұрақты бақылауында.