Шағын футбол алаңдары ашылды

Шағын футбол алаңдары ашылды

Панфилов ауылдық округіне қарасты Тоқта, Қосағаш ауылдарында шағын футбол алаңдары ашылды.
Ауыл тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде аудан әкімі А.Бейсекин: «Ел Президенті Қ.Тоқаев, Павлодар облысының әкімі А.Сқақов салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, әр ауылда спорт алаңдарын ашуға тапсырма берген болатын. Осындай шағын спорт алаңдары бұқаралық спортты дамытуға зор ықпал етері анық. Тапсырмалар жүзеге асып, ауылдарда шағын футбол алаңдарын ашып отырмыз. Жаңа нысандарыңыз құтты болсын!"
Өткен аптада ауданның Майқоңыр, И.Байзақов ауылдарында осындай спорт алаңдары ашылған болатын. Жуық арада шағын футбол алаңы Қызылағаш ауылында ашылуы жоспарланған.
Тоқта ауылында ауыл ақсақалдары атынан сөйлеген Д. Садымов, Қосағаш ауылында ауған соғысының ардагері, осы ауылдағы мектепте 30 жыл денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып істейтін М. Закариянов аудан әкімі А.Бейсекинге алғыстарын жеткізіп, спорт алаңдарының лентасын кесті.
Екі ауылда да ауыл жастарының жолдастық кездесулері ұйымдастырылды.