Атқа салт міну мәдениеті – бұл халқымыздың ұлттық мұрасы.

Атқа салт міну мәдениеті – бұл халқымыздың ұлттық мұрасы.

Дәл біздің ата-бабаларымыз әлемге атқа салт міну мәдениетін сыйлады.
Осы уақытқа дейін автомобиль қозғалтқыштарының қуаты ат күшімен өлшенеді. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр – жер бетінде салт атты үстемдік еткен ең үлкен дәуірдің символдық құрметі.

Адамның жылқыны қолға үйретуі Қазақстан аумағынан басталды.
Ат спорты түрлері – аударыспақ, қыз қуу, бәйге және басқалары – осының бәрі қазақ халқының игілігі.

2017 жылдан бастап Ертіс ауданының Ағашорын мектебінде ат-спорт клубы құрылды және әр жаз сайын «Құлагер» бейіндік лагері өткізіледі. Лагерьге 8 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылар, сондай-ақ бұрынғы мектеп түлектері - студенттер де барады.
Бұл лагерьдің негізгі мақсаты – қазіргі ұрпақты атқа міну мәдениетіне баулу.

Клубтың, тиісінше лагерьдің негізін қалаушысы – Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Сейтғалы Бағдатұлы Бралинов, клуб президенті Дәулет Балғабайұлы Бәкішев.

Бейіндік лагерьде оқыту, сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Педагогтер оқушыларды салт мінуге нөлден бастап озық жетілуне дейін үйретеді. Яғни, олар жылқыларды қалай дұрыс ұстау керектігін, оны қалай ерттеуге толық үйретеді. Сабақтар аптасына 2-3 рет өтеді.
23 маусымда «Құлагер» бейіндік лагерінде ат-спорттық іс-шара өткізілді. Майқоңыр және Ұзынсу мектептерінің оқушылары шараға шақырылды, олар салт ат мәдениетінің ерекшеліктерімен, «Құлагер» мектеп клубының қалыптасу тарихымен танысты.

Қорытындылай келе, бұл лагерьде мүмкіндігінше жас ұрпақты тарту идеясы қолдау тауып, дамиды, өйткені ат спорты клубы – бұл балалардың хоббиі, олардың қызығушылғы. Бұл тек атпен жүру ғана емес.