Аудан жолдары жөнделуде

Аудан жолдары жөнделуде

Елді мекендердегі ауылішілік жолдар жөнделді. Ертіс ауылының Желтоқсан, Бөгенбай, Мүткенов, Чайковский, Рамазанов, Гагарин, Пушкин көшелеріне мердігер «Нұрал» ЖШС көше жолдарының шұңқырларын асфальт төседі.

​Жалпы ұзындығы 4,1 км құрайтын Голубовка ауылының көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жұргізіледі, 11-мамырдан бастап мердігер жол-құрылыс материалдарын тасуды бастады.

​Облыстық маңызы бар Панфилов-Бестөбе тас жолының, Ертіс-Ертіс станциясы бағытындағы жолдың шұңқырларына асфальт төселді. Бұл жұмысты жүргізген мердігер «Нұрал» ЖШС.

«Ай-Су Мелиорация» ЖШС «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудандық маңызға ие Селеті-Қызылағаш жолының 12,2 км жөндеу жұмыстарын бастады.
​Бүгінгі уақытта жолдың негізгі танабын түзеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа жол құрлысын атқаратын 8 техника жұмылдырылған. Бүгінге жолдың 7,7 км жөндеу аяқталды.

Жұмыс бекітілген кестеге сай жүргізіуде.