Референдумды қолдау жөніндегі кездесу

Референдумды қолдау жөніндегі кездесу

Аудандық Мәдениет үйінде референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшелері Ертіс ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында спикерлермен мемлекетіміздің Ата заңға енгізілетін түзетулер бойынша түсініктеме берілді, сонымен қатар ауыл тұрғындарын толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Мемлекет басшысы халыққа арналған Жолдауында Конституцияға отыздан аса өзгеріс енгізіледі деп хабарлағанын ескертеміз.
Алдағы референдум әр қазақстандыққа еліміздің келешегін белгілейтін аса маңызды тарихи оқиғаға қатысуға мүмкіндік береді.