Жастармен кездесу

Жастармен кездесу

Ауылдық округтерді аралау барысында аудан әкімі Аян Бейсекин Голубовка және Панфилов ауылдарының жекелеген жас топтарының өкілдерін қабылдады.

Жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіби біліктілік алу үшін оқу, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша көптеген ұтымды ұсыныстар айтылды. Жастар" Сыбаға" сияқты мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, гранттар арқылы бизнес идеяларын жүзеге асыруға дайын.

Жастармен кездесуді ауданның барлық ауылдық округтерінде өткізу жоспарлануда.