Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу

Аудан әкімі А.Бейсекин аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының қырағы бақылауында болды. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері қызмет атқарудың ерекше тәртібінде болды. Ауданымыздан 20 полиция қызметкерлері облыс орталығына іссапарға жіберіліп, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде тәулік бойы қызмет атқарды.

Аудан басшысы батылдық пен ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларын Құрмет грамоталарымен марапаттап алғыс білдірді.
Соңымен қатар, аудандық полиция бөліміне "Нива" қызметтік автокөлігінің екі бірлігінің кілтін табыс еттіп,
полиция қызметкерлеріне ауыр да абройлы еңбектерінде сәттілік, бейбітшілік пен тыныштық тіледі.