Тұрмыстық газ өткізушілермен және көмір жеткізушілермен кездесу

Тұрмыстық газ өткізушілермен және көмір жеткізушілермен кездесу

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында халық үшін тұрмыстық газ өткізушілермен және көмір жеткізушілермен кездесу өткізілді.⠀

Белгілі болғандай, Үкімет өңірге байланысты сұйытылған газға шекті бағаларды белгіледі. Біздің ауданда бір литр газ бағасы 75 теңгеден аспайды, сонымен қатар дизель отынының бағасы 230 теңгеге дейін төмендеді. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша ЖЖМ бағасы алдағы жарты жылға белгіленді.⠀

Көмір жеткізушілермен сындарлы диалог барысында қатты отынды жеткізу және сату мәселелері талқыланды, бағаның өсуіне жол бермеу бойынша Меморандум жасалды.

Ауданда көмір сататын алты жеткізуші бар: Задорожный ЖК, Нефедов, Малышев, Мокин, Автобаза ЖШС им.Абай, Ертіс Ауыз су.⠀

Барлық жеткізушілерде тас және қоңыр көмір бар, ол сату нүктесінен тиісінше 12000 және 18000 теңгеден аспайды (қоңыр Сарыкөл - 15 000 теңге, Майкөбе - 18 000 теңге).⠀

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 2-22-59, моб. 8 705 325 15 51