Бокстан Турнир

Бокстан Турнир

Ертіс ауданында бокстан спорт секциясының негізін қалаушы Евгений Павлович Ужгиннің құрметіне бокстан облыстық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Жарыстың бірінші күні 2004-2009 жылы туылған жасөспірімдер сегіз салмақ дәрежесінде өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Ертіс, Железин, Ақтоғай аудандары мен Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларының боксшылары арасында 13 жекпе-жек өтті.