Облыс әкімінің сапары

Облыс әкімінің сапары

Ертіс ауданына жұмыс сапарымен облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов келді.⠀

Облыс әкімі егін жинау науқанының барысымен танысты, суару бойынша жаңа жобаларды көрді.⠀

"Оразбаев" ШҚ суармалы учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Электрмен жабдықтаудың 5 км астам сыртқы желілері, тіректер мен КТП орнатылды, 3,2 км су құбыры желілері жүргізілді. Жұмыстар ҚМЖ кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Өткен жылы ЖҚЖК мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізілген "Три К" ШҚ суармалы учаскесіне барды. Шаруашылықта 380 га күнбағыс және 250 га жүгері (астыққа) жинау жоспарлануда.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, Северное ауылдық округіндегі егін жинау жұмыстарының барысын көрді.

Ауа райы қолайлы болған жағдайда астық жинауды жақын күндері аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ағымдағы күнге 200 мың гектардан астам немесе 95% астық жиналды. 25 қазанға дейін майлы дақылдарды жинауды аяқтауды жоспарлап отырмыз.