«Дипломмен ауылға»!

«Дипломмен ауылға»!

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Ол ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды,  ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру және бекіту үшін әзірленді және енгізілді.

Жобаға қатысушылар үшін 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% сыйақының ең төменгі мөлшерлемесі бойынша 1500 АЕК (2021 жылы – 4375,5 мың теңге) мөлшерінде бюджеттік кредит беру түрінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі, сондай – ақ мамандардың 100 АЕК (2021 жылы-291,7 мың теңге) мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға құқығы бар.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде біздің ауданда әлеуметтік саланың 123 маманына тұрғын үй сатып алу үшін 344,0 млн.теңгеге бюджеттік кредиттер төленді, бағдарламаның 476 қатысушысы 71,0 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы алды.

2021 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары алынды:

 - 9,6 млн. теңге сомасына 33 маман көтерме жәрдемақы түрінде, оның ішінде салалар бойынша:

- білім беру - 7292,5 мың теңгеге 25 адам;

- денсаулық сақтау - 2041,9 мың теңгеге 7 адам;

- спорт - 291,7 мың теңгеге 1 адам;

- 52,6 млн. теңге сомасына 13 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит түрінде, оның ішінде салалар бойынша:

- білім беру - 28670,1 мың теңгеге 7 адам;

- денсаулық сақтау - 16926,5 мың теңгеге 4 адам;

- спорт - 2629,0 мың теңгеге 1 адам;

- мәдениет - 4375,5 мың теңгеге 1 адам.

Мамандардың ең көп ағымы білім беру (78%) және денсаулық сақтау (16%) салаларында, ең азы - агроөнеркәсіптік кешен, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету (орта есеппен 6%) салаларында байқалады.

Қазіргі уақытта ауданда 334 маман (70%) жұмысын жалғастыруда.