Балаларға қуаныш

Балаларға қуаныш

Балалардың қуанышына Карел-полк – Бурягин көшелерінің қиылысында орналасқан балалар алаңы енгізілді.

Асфальтты тегістеу, брусчатка мен тартан жабынын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді, онда 7 ойын элементі және воркауттың 6 элементі орнатылды.
Ертіс ауылы әкімдігінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде шарттық міндеттемелерге сәйкес жұмыстар толық көлемде аяқталды. Сондай-ақ іргелес аумақты жайластыру: шөп шабу, бұталарды кесу, жер төсемін жоспарлау және қоқыс шығару жүргізілді.
Ертіс ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығына шығатын бейнекамераны орнату жоспарлануда.

Карел – полк - И. Кутурга көшелерінің қиылысында екінші балалар алаңы орнатылды.

Бүгінгі таңда қоршау, ойын элементтеріне арналған алаң, жарықтандыру, бейнекамера орнатылып, төсемтас төселді. Ойын элементтерін жеткізу күтілуде. Ашылу айдың соңына жоспарланған.